2016 жылдан бастап Қазақстанда елдің
Президентінің Жарлығымен бекітілген жаңа мереке – Алғыс күні пайда болды. Елбасымыздың
құттықтауында: «Бұл күн мейірімділіктің және қазақстандықтардың бір-біріне
деген достық пен махаббат мерекесі болады. Осы мереке жас болғанымен оның
тарихи негізі маңызды. Өткен қиындықтарға куә болып, мейірімділікке, өзара
жәрдемдесуге себепкер болды» делінген. Алғыс күнін мерекелеу аясында біздің
мектепте бірқатар шаралар өткізілді. Барлық сыныптарда «Помни и гордись своей
историей», «Страна вежливости и доброты» атты сынып сағаттары мен түрлі шаралар
болып өтті.
Іс шаралар мақсаты:
- достық, құрмет сезімін тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді
нығайту.
- айналадағы жағдайды бағалай білу, өзгелерге деген
көзқарасты жақсы жағынан көрсету.