«2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп»
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петриковка ауылының бастауыш мектебі" КММ. Заңды мекенжайы: Петриковка ауылы, Достық көшесі, 16/А.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петриковка ауылының бастауыш мектебі" КММ-де 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петриковка ауылының бастауыш мектебі" КММ 21 қызмет көрсетті:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген-0 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 10 қызмет;
көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада 11 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
"Құжаттарды қабылдау және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына қабылдау"-
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің SC0034.Sandyktau.agmoedu.kz ресми интернет ресурсында орналастырылған. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, мектеп фойесінде ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2025 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петриковка ауылының бастауыш мектебі" КММ @petrikovka.sand.mektep Instagram әлеуметтік желісінде 4 жарияланым қойылды, 1 тікелей эфир өткізілді. Ай сайынғы негізде халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнаулы білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған қызмет жүзеге асырылады.
Сондай ақ 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2026 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петриковка ауылының бастауыш мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.