1. Жалпы ережелер
1) Қызметті көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петриковка ауылының бастауыш мектебі" КММ. Заңды мекенжайы: Петриковка ауылы, Достық, 16/а.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петриковка ауылының бастауыш мектебі" КММ-де 4 қызмет көрсетіледі. 2022 жылы мектеп 12 қызмет көрсетті;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 0;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 5 қызмет;
қағаз нұсқасында көрсетілген мемлекеттік қызметтер 7 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау»
«Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петриковка ауылының бастауыш мектебі" КММ-нің http://sc0034sandyktau.aqmoedu.kz/ ресми интернет ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2022 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петриковка ауылының бастауыш мектебі" КММ БАҚ және әлеуметтік желілерде 0 тікелей эфир өткізді, аудандық "Сандықтау өлкесі" газетінде 1 мақала жариялады. Ай сайынғы негізде халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс шараларының жоспары бекітілді.
2023 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Мектеп меңгерушісі: З.Хучаева.
Орынд. Л.Уциева
Тел.: 87164090361