4-8 желтоқсан
күндері аралығында астана аумағында «Тең мүмкіндіктер жолы» атты республикалық
акция өтті.
Мүгедектер
күніне арналған осы акция аясында біздің мектепте әңгімелесулер, викториналар,
суреттер байқаулары, жол қозғалысының ережелерін сақтау бойынша іс-шаралар
өтті.
Жол-көлік
жарақатын алдын-алу мақсатында «Қауіпсіздік әліппесі» атты балалар ойыны өтті, онда
төмендегі сұрақтарға жауаптар берілді:
-қай
жерлерде велосипедпен жүруге болады?
-көшенің
қай жерлерін жүріп өтуге болады?
-жолаушы
автобуста өзін қалай ұстау керек? және т.б. сұрақтар қойылды.
Аталған іс-шаралардың мақсаты:
-
оқушыларға бізбен бірге құқықтары бірдей және қиын кездерде қолдау қажет
мүмкіндігі шектеулі адамдар тұратынын еске салу;
- көшелер
мен мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кейбір белгілерді
түсіндіру;
- жол
қауіпсіздігі бойынша құқықтық сауаттылықтарын арттыру.