Текст
Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында біздің мектепте қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге және азаматтық ұстанымды жандандыруға бағытталған іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленді. 14 қыркүйекте «Біртұтас тату отбасында» атты сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі мерекенің тарихы, көпұлтты Қазақстандағы тілдердің маңызы туралы айтып берді. Сабақта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде патриоттық өлеңдер оқылды.